КӨРКЕЙТУ-КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ – КӨПКЕ ОРТАҚ
Жалағаш кентінің санитарлық тазалық жұмыстарына ерекше көңіл бөлініп, көркейту-көгалдандыру жұмыстарының қорытындысымен 52 шақырым арықтар күл-қоқыстан тазартылып, көмілген арықтар жаңадан қазылды. Қазіргі уақытта кенттің 70 пайызына аптасына 3 күн аяқ су беріліп келеді.
Бұл туралы Жалағаш ауданының әкімі Қайратбек Сәрсенбаев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
«Өздеріңізге белгілі, облыс әкімінің өкіміне сәйкес, үстіміздегі жылдың наурыз-мамыр айлары аралығында көркейту-көгалдандыру, санитарлық тазарту жұмыстары жүргізілді. Сонымен бірге 1200 дана көшет, 9000 дана қаламшалар егілді. Жалпы аумағы 1218 метр болатын жер қоршалып, кенттегі Орталық алаң мен «Астана» демалыс орнына барлығы 2000 шаршы метр жерге гүлдер отырғызылды, - деді аудан әкімі.
Айта кетейік, Жалағаш ауданы бойынша көркейту-көгалдандыру жұмыстарына барлығы 5000-ға жуық адам жұмылдырылған.
Бастысы, ауданның көркеюі үшін атсалысқан әрбір жалағаштық келешек ұрпақ үшін ауданды жасыл желекке бөлеп, сыйға тартуымыз қажет деп есептейді.