ӘР ҮЙГЕ – ТАЗА АУЫЗ СУ

Республика халқын таза сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету – бүгінгі таңдағы басты назарда тұрған міндеттердің бірі.
Биылғы жылы республикалық бюджеттен Жалағаш ауданы М.Шәменов және Мырзабай ахун елді мекендерінің сумен жабдықтау жүйелерін қайта жаңғырту өтпелі жұмыстарының құрылысына 356,1 млн. теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілуде. Жыл аяғына дейін пайдалануға берілетін болады.
Бұл туралы Жалағаш ауданының әкімі Қайратбек Сәрсенбаев өңірлік коммунникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.
Сонымен қатар, жоба-сметалық құжаттары әзірленген Мақпалкөл, Аққыр, Жаңадария ауылдық округтерінің ауыз сумен қамту жүйесін қайта жаңғырту құрылыс жұмыстарына бастапқы қаржы бөлініп, жұмыстар жүргізілуде.