ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ – БАСЫМ БАҒЫТ
Жыл басынан бері Қазалы ауданында экономиканың түрлі саласында 682 жаңа жұмыс орны ашылды. Оның 669 тұрақты. Жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайызға тұрақтады.
Ауданда 120 адам жастар тәжірибесіне, 373 адам ақылы қоғамдық жұмысқа жіберіліп отыр. Биылғы жылдың басынан бері 11 рет «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі өткізілді.
«Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды да назардан тыс қалдырған емеспіз. Есепті кезеңде 6 мүгедек тұрақты жұмысқа орналасып, 8-і ақылы қоғамдық жұмысқа, 5-уі жастар практикасына, 5-і әлеуметтік жұмыс орнына жіберілді», - деді аудан басшысы.
Биыл аудандық бюджеттен 8 млн. теңге бөліп, мүмкіндігі шектеулі балаларды тасымалдау үшін «Газель» автокөлігі алынып берілген.