ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ
Ұлт денсаулығы – біздің жарқын болашағымыздың негізі. Бүгінгі күні ауруды емдеу мен қатар оның алдын алу мәселесі алға қойылған. Яғни, халық денсаулығын нығайту – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі.
Жалағаш ауданында биылғы жылдың 6 айында ауданда 352 бала дүниеге келіп, өткен жылмен салыстырғанда 31 балаға көбейген. Шетінеген бала саны – 3, өткен жылмен салыстырғанда 1 балаға көбейген. Жалпы қайтыс болған адам саны – 103, өткен жылмен салыстырғанда 9 адамға көбейген.
Осы жылы облыс басшылығының қолдауымен Жалағаш аудандық орталық ауруханасының жаңа ғимараты құрылысына жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу үшін 32 млн. теңге бөлінді. Қазіргі таңда жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізілді. Республикалық бюджет қаражаты есебінен аурухана құрылысы салынатын болады. Жоба жалпы құны – 4 млрд теңге.