МАҚСАТЫМЫЗ – ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУ
«Адам ұрпағымен мың жасайды» сол себепті Қазалы ауданында атқарылған жұмыстың барлығы жастардың жарқын болашағы үшін жасалып жатқаны аян.
Қазір аудан халқының 26 пайызы жастар. NEET санатына жататын жастардың саны 61 жасқа азайды.
Биыл мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға 5 млн. теңге қаржы бөлінді. Бұл қаржымен жастар арасында мәдени, спорттық шаралар, акциялар мен семинар-тренингтер ұйымдастырылуда.