«ҚҰМ БАСҚАН ӨРКЕНИЕТТЕР» КІТАП-АЛЬБОМЫНЫҢ МӘСКЕУДЕ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ
Мәскеуде «Шығыс халықтарының өнері» мемлекеттік музейінің ұйымдастыруымен «Орталық Азияның ежелгі өркениеттері» атты конференция өтті. Бұл туралы Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің баспасөз қызметі хабарлады.
Конференцияға университет жанындағы археология және этнография ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі Ә.Ә.Тәжекеев, орталықтың ғылыми қызметкерлері Р.Т.Дарменов және Б.К.Шораевтар қатысты.
Орта Азияның ежелгі өркениеттерін зерттеп жүрген Мәскеу, Өзбекстан, Қырғызстан, Қарақалпақстан, Тәжікстан және Қазақстан елдерінің ғалымдары бас қосқан конференцияда Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректоры Қ.А.Бисеновтің редакторлығымен жарық көрген «Құм басқан өркениеттер» кітап-альбомының салтанатты тұсаукесері өтті. Тұсаукесер рәсімінде кітапты құрастырушылар тарих ғылымдарының кандидаттары И.А.Аржанцева, Н.Ю.Вишневская және Ә.Ә.Тәжекеев кітаптың мазмұнына тоқталып, оқырмандарға ұсынды.
«Құм басқан өркениеттер» кітап-альбомында Орта Азияның ұлы өзендері Әмудария мен Сырдарияның төменгі ағысы бойында орналасқан ескерткіштерге археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізген, Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясының құрамында болған көрнекті ғалымдардың естеліктері қамтылған. Сонымен қатар, қазіргі кезеңдегі Сыр бойындағы жүргізіліп жатқан археологиялық экспедициялар мен оларды зерттеу жұмыстары жайлы естелік мақалалар берілген.