ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАТЫСТЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТӘРТІПТІК КЕҢЕСТЕ ҚАРАЛДЫ
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің Тәртіптік кеңесінің ХІІ отырысында он сегіз мәселе қаралды.
Алғашқы мәселе Қызылорда облысының девиантты мінез-құлықты балаларға арналған мектеп-интернатының директоры Б.Шораевқа қатысты тәртіптік іс.
Мұнда Қызылорда облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментіне қала тұрғыны К.Ниязованың арызында өзінің жолдасы Н.Қожахметов мектеп-интернаттың киім-кешектерін сатып алуға тендер жеңімпазы болып танылған. Мектеп-интернат директоры Б.Шораев соңғы 380000 теңгені аударығандығын айтып, аталған қаржыдан 50000 теңге пара әкеліп беруін талап еткен.
22.08.2014 жылы облыс прокурорынан алынған санкция негізінде арнайы жедел іздестіру шаралары жүргізіліп, нәтижесінде Б.Шораев К.Ниязовадан алдын ала сұраған 50000 теңгенің 20000 теңгесін апарған кезде қабылдамай, пара алу әрекетін аяғына дейін жеткізбегендігі анықталған.
Мектеп-интернат директоры Б.Шораевтың іс-әрекетінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодекстің 311 бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыс құрамы болмағанымен, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» Заңының 8-бабының 1 және 2 бөлігінде көзделген өзінің мәртебісін және соған негізделген беделін жеке, топтық және өзге де қызметтік емес мүдделерге пайдалануға әкеп соғуы мүмкін іс-әрекеттерге жол бермеу деген талаптарын бұзуға жол берген.
Тәртіптік кеңесінің шешімімен Қызылорда облысының білім басқармасының басшысына Қызылорда облысының девиантты мінез-құлықты балаларға арналған мектеп-интернатының директоры Б.Шораевқа қатысты мәні бойынша шешім қабылдау және осындай негіздегі бұзушылықтарды болдырмауға бағытталған шараларды атқару туралы ұсыныс енгізілді.
Мұнан соң кеңесте ҚР ІІМ Байқоңыр қаласындағы өкілдігі көші-қон полиция бөлімшесінің бастығы Г.Айдарбекованың тәртіптік ісі қаралды.
Нақтыласақ, Байқоңыр қаласының прокуратурасымен ҚР ІІМ Байқоңыр қаласындағы өкілдігі көші-қон полиция бөлімшесінде Қазақстан Республикасы «Халықтың көші-қон туралы» Заңының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 12 желтоқсанындағы №1170 «Қазақстан Республикасының шетелдіктердің болуы үшін уақытша жабық аумақтарының тізбесін бекіту туралы» қаулысының талаптарын орындалуына тексеру жүргізілді. Нәтижесінде Бөлімше қызметкерлері кейбір шетелдіктерге заң талабына сәйкес жабық елді мекенге кіруге рұқсатты рәсімдемей, аумаққа жалпы тәртіппен кіруге және жұмыс жасауға мүмкіншілік беріп, заңсыз тіркеуге жол берілген.
Сондай-ақ, жабық аумақта шетелдіктер жаппай рұқсатсыз жүрсе де бөлімше қызметкерлері тек таңдаулыларына әкімшілік шаралар қолданған, себебі ағымдағы жылы тек 3 шетел азаматтары Төретам кентінде рұқсатсыз жүруіне байланысты Бөлімше бастығы Г.Айдарбекованың 13-14 мамырдағы қаулыларымен «Салини Конструттори С.п.А» АҚ-ы филиалының қызметкерлері К.Риберо, М.Новаресио және Д.Дзеллиге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 394-бабының 1-бөлігімен жауапқа тартылған.
Алайда, әкімшілік істердің материалдарын дайындаған инспектор Н.Қожалепесов пен қаулыларды қабылдаған Г.Айдарбекова шетелдіктерді шақырған филиалдың кінәсі болса да, филиалға және оның лауазымды тұлғасына ҚР ӘҚБтК-нің 395-бабының 2-бөлігімен хаттама толтырылмаған.
12.11.2014 жылғы 03-02/795 санмен Департаменке – Тәртіптік кеңесіне Өкілдіктің 06.11.20141 жылғы №3-2/12876 санды хаты келіп түсіп, онда 22.10.2014 жылғы №2-1009-14-04275 санды заңдылықты бұзушылықтарды және оларға себеп болған жағдайлар мен себептерді жою туралы Байқоңыр қаласы прокуратурасының ұсынысы бойынша, Өкілдікпен 05.11.2014 жылы жүргізілген қызметтік тексеру жүргізілген. Өкілдік бастығының міндетін атқарушысы К.Е.Аппазовтың бұйрығымен Г.Айдарбековаға «қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік жазасы қолданылғаны белгілі болды.
Мәселені қарап, талқылай келе, Тәртіптік кеңесінің шешімімен ҚР ішкі істер министрлігінің әкімшілік полиция комитетіне Г.Айдарбекованы атқарып отырған қызметінен босату жөнінде ұсыныс енгізілді.
Қалған мәселелермен Қызылорда облысының құрылыс басқармасының бас маманы Н.Тынымбаевтың, Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті басшысының орынбасары Е.Әмишаевтың, Департаменттің бас маманы Т.Байменовтың, Шиелі ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Ғ.Аманжоловтың, Шиелі ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Р.Сариевтың, Шиелі ауданының мемлекеттік санитарлық –эпидемиологиялық қадағалау басқармасы басшысының міндетін атқарушысы А.Садуақастың, Басқарманың бөлім басшысы Г.Айтекееваның, Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау басқармасы басшысының орынбасары Ә.Әлжанның, Шиелі ауданы, Еңбекші ауылындағы №159 орта мектептің директоры Е.Жүсіптің, Шиелі ауданы әкімінің орынбасары Б.Сәрменбаевтың, Қызылорда облысының құрылыс басқармасының құрылыс бөлімі басшысының міндетін атқарушысы Қ.Шариповтың және Шиелі ауданының білім бөлімінің басшысы Э.Тәкеннің (барлығы 12 тұлға) тәртіптік істер қаралды.
Атап айтқанда, Шиелі ауданы, Еңбекші ауылындағы 300 орындық мектеп объектісінің құрылысын қыбалдау барысында жоғарыда көрсетілген тұлғалар жұмыс және мемлекеттік комиссилардың мүшелері бола тұра құрылысын салу жұмыстары «Дарын- Ж» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мердігерден қабылданып, мемлекеттік қабылдау комиссиясына ұсынуға дайын деп танылған.
Алайда, облыстық прокуратурасының жүргізілген тексеру барысында сараптама тағайындалып, тағайындалған қосымша сот –құрылыс сараптамасының қорытындысына сәйкес, атқарылған жұмыстарды қабылдау актілерінде көрсетілген құны 7 396 040 теңгенің жұмыстары мердігермен орындалмағаны анықталды.
Оған қоса, мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісіне қол қойылғаннан кейін, шарттың 5,5 –тармағына сәйкес төленетін түпкілікті ақының 5% -ы немесе 24,3 млн. теңгесі де төлем құжатымен мердігерге негізсіз төленген.
Аталған факті бойынша Қызылорда облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментімен жүргізілген тергеуге дейінгі тексеру барысында тағайындалған комиссиялық сот-құрылыс сараптамасының, атқарылған жұмыстарды қабылдау актілерінде және жобалық-сметалық құжаттарда көрсетілген құны 6 592 507 теңгенің жұмыстары негізге алынып, 24.10.2014 жылы қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы шешім қабылданған.
Тәртіптік кеңеспен жүргізілген қызметтік тексеру нәтижесімен Шиелі ауданының мемлекеттік санитарлық –эпидемиологиялық қадағалау басқармасы басшысының міндетін атқарушысы А.Садуақас, Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау басқармасы басшысының орынбасары Ә.Әлжан мен Шиелі ауданы әкімінің орынбасары Б.Сәрменбаевтар, олардың берілген арыздары негізінде атқарылып жатқан лауазымдарынан босатылып кеткені анықталды.
Мәселені талқылай келе, Тәртіптік кеңес Шиелі ауданының мемлекеттік санитарлық –эпидемиологиялық қадағалау басқармасы басшысының міндетін атқарушысы А.Садуақас, Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау басқармасы басшысының орынбасары Ә.Әлжан мен Шиелі ауданы әкімінің орынбасары Б.Сәрменбаевтарға қатысты қозғалған тәртіптік істер тоқтатылса, Шиелі ауданының білім бөлімінің басшысы Э.Тәкен, Қызылорда облысының құрылыс басқармасының бас маманы Н.Тынымбаев, Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментінің бас маманы Т.Байменовтерге қатысты қозғалған тәртіптік істер бойынша атқарып отырған қызметінен босату жөнінде ұсыныстарын жеткізді. Сондай-ақ Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті басшысының орынбасары Е.Әмишаев, Шиелі ауданы, Еңбекші ауылындағы №159 орта мектептің директоры Е.Жүсіпов, Шиелі ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Ғ.Аманжолов, Басқарманың бөлім басшысы Г.Айтекеева, Шиелі ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Р.Сариевтерге қатысты қозғалған тәртіптік істер бойынша мәні бойынша шешім қабылдау үшін орган басшылығының қарауына жолдану туралы ұсыныс енгізу туралы, Қызылорда облысының құрылыс басқармасының құрылыс бөлімі басшысының міндетін атқарушысы Қ.Шариповке қатысты тәртіптік істі тоқтата тұру туралы шешім қабылданды.
Тәртіптік кеңестегі қалған төрт мәселемен Қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы П.Шамұратовтың, бас маманы Б.Тұрсыновтың және жетекші мамандары Ж.Искакованың, Ғ.Омаровтың тәртіптік істер қаралды.
Атап айтқанда, Қызылорда қалалық прокуратурамен жүргізілген тексеру нәтижесімен, жоғарыда көрсетілген тұлғалар ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңында көзделген талаптарын бірнеше рет бұзылғаны анықталды.
Сонымен қатар, ҚР Үкіметінің 06.05.2008 жылғы №425 Қаулысымен бекітілген «Құрылыс объектілерін жобалау үшін бастапқы материалдарды (деректерді) рәсімдеу мен беру туралы» Ережесінің 7 тармағында көзделген егер үй жайларды (тұрғын үйдің бөліктерін) жоспарланған қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) немесе үй жайлардың шекарасын ауыстыру өзгертілетін үй жайлармен (үйдің бөліктерімен) көршілес басқа үй-жайлар (үйдің бөліктері) меншік иелерінің мүдделерін қозғайтын болса, олардың нотариалды куәландырылған жазбаша келісімі қоса берілетіндігі деген талаптары бар екеніне қарамастан, дүкендерді ашу мақсатында бірнеше тұлғаларға көршілердің келісімдері нотариалды куәландырылған түрде алынбай, тиісті рұқсат беру туралы бұйрықтары қабылданған.
Мәселені талқылай келе, Тәртіптік кеңес Қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы П.Шамұратовқа, бас маманы Б.Тұрсыновқа және жетекші мамандары Ж.Искакова мен Ғ.Омаровқа қатысты тәртіптік істер тоқтату туралы шешім қабылданды.