АУДАНДА 5 ҚОНЫСТАНУ АЙМАҒЫ ИГЕРІЛУДЕ
Бүгінгі күні Қазалы ауданының орталығындағы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту кезек күттірмейтін мәселелердің бірі.
Себебі, тұрғындардың жеке тұрғын үй салу үшін жер учаскесін бөлу жөніндегі сұраныстары жылдан-жылға өсіп келеді. Сондықтан, осы мәселелерді шешу мақсатында ауданда 5 жаңа қоныстану аймағы игерілу үстінде.
Қазалы қаласынан 261 гектар, Әйтеке би кентінен 446 гектар жер учаскелеріне электрмен жабдықтау, ауыз сумен қамту, газ жүргізу жұмыстары жүргізілуде.
Биыл бұл жұмыстарға барлығы 3,2 млрд. теңге бөлінді. Осы жұмыстардың нәтижесінде алдағы уақытта 2000-нан астам жер учаскесі ашылып, жеке секторлардың тұрғын үй салуға мүмкүндіктері болады.