ЖАҢА АУРУХАНА ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Жаңа технологиялардың даму кезеңіндегі заманауи медицинаның ресурстары ұлғайып келеді. Бұл бірінші кезекте медициналық қызмет көрсетудің сапасын арттыруға бағытталмақ. Сондықтан да Бағдарлама жобасына дәрілік заттарды тиімді қолдану, медициналық техниканы, кадрлық қамсыздандыруды жетілдіру және медициналық ұйымдарды басқару турасында нақты шаралар қарастырылған.
Осы орайда Қазалы ауданында жаңа аурухана пайдалануға беріліп, құны 400 млн. теңге тұратын «Ангиограф» медициналық аппараты алынды.
Аталған аппарат қазан айынан бастап Қазалыдан бөлек, көршілес Қармақшы, Арал аудандары мен Байқоңыр қаласы тұрғындарына қызмет көрсететін болады.
Айта кетейік, аудан әкімі М.Ергешбаевтың айтуынша өңірде жыл басынан бері ана өлімі тіркелмеген. Сәби өлімі өткен жылмен салыстырғанда 6,0 промильге төмендеді. 6 айда 686 туылым, 167 өлім тіркелді. Онкологиялық аурудан өлім-жітім азайып отыр.