«BOOК КАФЕ» ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Адамдар арасында емін-еркін, бейресми қарым-қатынас орнататын, жастардың тұрақты келіп тұратын ыңғайлы алаңға айналдыру мақсатында кітапханадан «BOOК кафе» ұйымдастырылды. «BOOК кафе» - бұл білім алуға, жұмыс жасауға, демалуға, сонымен қатар көңілді кештерге арналған алаң. Бұл орын белсенді жастардың уақытын тиімді өткізуге, пікір алмасуға, қарым-қатынас орнатуға арнайы жабдықталады. BOOК кафе-де кітап оқумен қатар кофе, шәй ішіп, мәдени демалуға жағдай жасалады.
Ал коворкинг-орталықтың негізгі мақсаты - әлеуметтік маңызы бар бастамаларды, жобаларды және бірлесе жұмыс жүргізу үшін жастардың қолжетімді жұмыс кеңістігін ұйымдастыру. Коворкинг орталық төрт аймаққа бөлінген: іскерлік қатынас аймағы, бейресми кездесулер аймағы, демалыс аймағы және жеке жұмыстар жасауға арналған алаң.
Іскерлік қатынас аймағы - шығармашылық және ғылым жолындағы жастардың басын қосу мақсатында түрлі іс-шараларды ұйымдастыруға арналған. Мұнда жастар өз жобаларын, идеяларын талқылай алады, іскерлік кездесулер, пікірталастар, лекция, семинар, шеберлік сағаттары мен тренингтер ұйымдастыруға болады. Бұл орын жұмыс жасауға қажетті құрал-жабдықтармен (компьютер, проектор, экран, маркерлі тақта, диван, стол, үстелдер) жабдықталған. Интернет, WI-FI бар.
Бейресми кездесулер аймағы - интеллектуалды ойындар, көрмелер ұйымдастыруға, вебинар және фильм көруге көруге мүмкіндік жасалған. Келушілердің демалуына жағдай жасалған қолайлы орын. Мұнда теледидар, үстелдер, пуфиктер қойылған. Қызықты кітап, газет-журналдармен таныса алады.
Демалыс аймағы - жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға қолайлы жағдай жасалған. Мұнда шахмат және үстел теннисін ойнауға болады. Жеке жұмыстар жасауға арналған алаң.
Коворкинг-орталықта жұмыс істеу үшін барлық жағдайлар жасалған: ыңғайлы креслолар, үстелдер, жұмыс орындарының ауқымды саны, бірлескен және жеке жұмыстарға арналған алаңдар, ақысыз Wi-Fi, жедел интернет бар. Заманауи орталық келген адамға өзінің сүйікті ісімен айналысуға, жастардың бизнес, шығармашылық, оқу бағдарламалары аясындағы креативті жобаларын жарыққа шығарып, жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

