АЙМАҚ ДАМУЫНДАҒЫ ӨРЕЛІ ӨЗГЕРІСТЕР
Нақты кезеңде Қызылорда облысында барлық макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша оң динамика қалыптасып отыр. Өңірдің өңдеу өнеркәсібінде өсім бар. Жалпы, өңір экономикасының дамуына индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы тың серпін берді.
Индустрияландыру бағдарламасы аясында аймақ экономикасын әртараптандыру жалғасып келеді. Осының арқасында жүзеге асырылған 22 жобаның 16-сы бүгінде толық қуатында іске қосылды.
Биылғы жыл басынан бері іске қосылған жобалар бойынша 11,2 млрд теңгенің өнімін өндіріліп, табыс өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 30,2 пайызға өсті. Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібінде 7,7 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 40 пайызға артты.
Индустрияландыру бағдарламасы аясында облыста қазіргі таңда 6,2 мың жұмыс орнын құратын, жалпы құны 620 млрд теңгелік 26 жобаны жүзеге асырылуда. Биыл жыл соңына дейін 3 (үш) ірі кәсіпорынды іске қосу жоспарланып отыр.
«Облыста тіркелген кәсіпкерлік нысаны саны – 51 753. Биыл облыста жаппай кәсіпкерлікті дамытудың жол картасын жүзеге асыруға бөлінген 32 млрд теңге қаржының 3 млрд теңгеден астамы «Стартап» жобаларына бағытталды. Мұнан бөлек, «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы шеңберінде микокредиттер беру мәселесіне назар аударылып, 224 жоба жалпы құны 200 млн теңге грантқа ие болды. Бүгінге дейін «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша 796 адам оқу курсынан өтіп оның 704-і бизнес жобаларын қорғап шықты», – деді облыс әкімінің орынбасары Е.Ким баспасөз мәслихатында.
Өңір экономикасының дамуына Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы (ҮИИДБ) тың серпін бергенін орынды атап өткеніміз жөн. Мәселен, өткен 2017 жылы аталған бағдарлама аясында облыста 20 жоба жүзеге асса, оның 16-сы толық өнімділікке қол жеткізген. Қызылордада соңғы жылда ҮИИДБ кәсіпорындары өндірген өнім экспорты 23 пайызға артып, импорттаушы мемлекеттер саны 8-ден 11-ге (Ресей, Қырғызстан, Әзірбайжан, Дания, Тәжікстан, Ауғанстан, Қытай, Ұлыбритания, Польша, АҚШ, Тайвань) көбейген.
Аталған бағдарлама аясында былтыр аймақта 20 жоба жүзеге асса, оның ішінде облыс елді мекендерін газдандыру жұмысы да бар екенін айта кеткен абзал.
Облыс әкімінің орынбасары кәсіпкерлікті қолдау тағы да екі жылға ұзартылып отырғанын жеткізді. Алдағы 2018-2020 жылдар жаппай кәсіпкерлікті дамыту жылы болып жарияланған кәсіп иелері үшін үлкен қуаныш. Енді бизнес өкілдеріне қолайлы жағдай жасау, кедергіні азайту жалғаса береді. Сонымен қатар, туристік индустрия саласында кәсіпкерлікті дамыту мақсатында Қызылорда туристік ассоциациясы құрылып отыр.
Қазақстандық туристік ассоциацияның келісімімен Сыр өңірінде 15 туристік маршрут бекітілді. Жыл басынан бері Қызылорда облысына келген туристер саны 12 мың адамнан асыпты.
Бүгінгі таңда облыста 90 қонақ үй, 2 санаторий, 41 демалыс орны және 9 балаларды сауықтыру лагерлері бар. Тек соңғы 5 жылда облыста 33 қонақ үй пайдалануға берілген.
Бюджет қаржысын үнемдеуге мемлекеттік-жеке меншік әріптестік оң әсерін тигізген. Бұл бағытта 75 жоба жүзеге асырылуда. Олардың құрылысына салынатын инвестиция көлемі 30 млрд теңгеден асады. Қазіргі күні мемлекеттік жеке әріптестік бойынша 18 жоба бойынша келісімдерге қол қойылған.