СОЛ ЖАҒАЛАУДАҒЫ ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ

Нақты кезеңде аталған қаржының 5,1 млрд теңгесі игеріліп, 82 шақырым жол мен көшелер жөндеуден өткізілген.
Басқармасы басшысының міндетін атқарушы Д.Тілеуовтың айтуынша, қазіргі таңда облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық индикаторлық көрсеткіші 63,5 процентті көрсетуде.
Сол жағалаудағы жаңа қоныста тұрғын үй құрылысы қарқын алғаны белгілі. Бұған қоса, мұнда көше салу жұмыстары да жүргізіліп жатыр.
– Бүгінгі таңда Сырдария өзенінің сол жағалауындағы қозғалысы реттелетін жалпы қалалық маңызы бар магистральді көше жолдарын Ғ.Мұратбаев көшесі бойындағы көпірден “Батыс Еуропа – Батыс Қытай” автотрассасына дейін салу жұмыстары жүргізілуде. Бұл мақсатқа 600 млн теңге көлемінде қаржы бөлінді.
Сонымен қатар, сол жағалаудағы қорғаныс бөгетінің жанындағы ұзындығы 7,2 шақырым болатын жалпы қалалық маңызы бар магистральді көшенің жол құрылысын салуға 300 млн теңге бөлініп тиісті жұмыстар атқарылуда, – деді Д.Тілеуов.