САРАТС-2 ЖОБАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ БАСТАЛДЫ
Биылғы жылдың наурыз айында Арал қаласында ҚР Премьер-Министрі Б.Сағынтаевтың төрағалығымен өткізілген мәжілісте қабылданған шешімдері бойынша САРАТС-2 жобасы Қазақстан Республикасының бюджеті есебінен іске асырылады. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары С.Қожаниязов өңірлік комунникациялар қызметкінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Соның ішінде, Қызылорда су торабын кешенді жөндеу "Қазсушар" РМК-ның меншік иесімен атқарылуда. Қазіргі таңда Ауыл шаруашылығы министрлігі "Қазсушар" РМК-ның су торабын жөндеудің ЖСҚ әзірлеуге жарғылық капиталын ұлғайту мақсатында қаржылық-экономикалық негіздемесін (ҚЭН) дайындауда. ҚЭН Ұлттық экономика министрлігінің экономикалық сараптамасынан өтуде.
Экономикалық сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан кейін ЖСҚ әзірлеуге республикалық бюджеттен қаржы қарастырылатын болады.