ТУРИСТІК ҚЫЗМЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен мемлекеттік органдар, облыстық кәсіпкерлік палатасы, туристік қызмет көрсететін нарық субъектілері, тұтынушылардың құқығын қорғау қоғамы өкілдерінің қатысуымен «Туристік қызмет көрсету саласындағы өзекті мәселелер» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.
Шараны департамент басшысының орынбасары Е.Орынбаев ашты. Өз сөзінде ол іс-шараны өткізудің мақсаты мен міндеттерін атап, туристік қызметті ұйымдастыруда әртүрлі аспектілеріне қатысты көкейтесті сұрақтарды талқылау, аталған салада тұтынушылардың құқықтарының бұзылуын азайтуға септігін тигізетіндігіне тоқталды.
«Дөңгелек үстелге» қатысушыларға ҚР Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы, Туристік қызмет туралы заңдарының талаптары туралы ақпарат берілді.
Соңында қатысышалар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті
және тұтынушылардың құқықтарын қорғау
комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті