3307 ШЕТЕЛДІК ӘКІМШІЛІК ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ
Қызылорда ОІІД-нің Көші-қон қызметі құрылымдары заңсыз көші-қондылыққа қарсы күрес бағытында тиісті жұмыстар атқаруда. Енді биылғы жылдың 7 айында атқарылған жұмыстарға келейік.
Жыл басынан облыс аумағына түрлі мақсаттармен келген 27080 шетел азаматтары уақытша тіркеуге алынды. Оның 25 184-і ТМД елдерінен, ал 1896-ы алыс шетелдерден келгендер.
Жүргізілген профилактикалық іс-шаралардың нәтижесінде Әкімшілік кодекстің 517-бабы бойынша 3307 шетелдік анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабымен 192 ҚР-ның азаматына, ал ҚР ӘҚБтК-нің 519- баптарымен Қазақстан Республикасының 83 азаматына әкімшілік шара көрілді.
Әкімшілік жолмен республика аумағынан 212 шетелдік шығарылды.
Салынған әкімшілік айыппұл 9 млн 168 мың теңгені құрап, оның 8 млн 423 мың теңгесі яғни 91,8% өндірілді.
Жыл басынан 10 мың 391 шетелдіктің еңбегі заңдастырылды.
Алдағы уақытта да заңсыз көші-қонмен күрес, шетелдіктердің еңбегін заңдастыру бағытындағы жұмыстар өз жалғасын табады.
Қызылорда ОІІД-нің баспасөз қызметі