ЖЫЛУМЕН ЖАБДЫҚТАУДАҒЫ НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫСТАР
Бүгін Өңірлік коммунникациялар қызметінде облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлейменов энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының жарты жылдығын қорытындылаған баспасөз мәслихатын өткізді.
Алдымен облыс аудандары мен қала іргесіндегі елді мекендерді газдандыру туралы айтқан облыс әкімінің орынбасары жылумен жабдықтау жайына да тоқталды.
«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында Ұлттық қордан Қызылорда қаласындағы жылумен жабдықтау желілерін қайта жаңарту бойынша 8 жобаға 2,2 млрд. теңге қаржы бөлініп, нақты кезеңде жұмыстар жүргізілуде.
Сонымен қатар, сұйық отынан газға ауыстыру мақсатында облыстық бюджет 173,0 млн теңге бөлініп 5 нысанға (денсаулық сақтау нысандары Қазалы, Шиелі, Жаңақорған аудандары мен Байқоңыр қаласында) тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Нақтылап айтсақ, Қазалы, Шиелі, Жаңақорған аудандарындағы және Байқоңыр қаласындағы барлығы 5 денсаулық сақтау нысандарындағы жылу қазандықтарын газ отынына қайта жабдықтауға облыстық бюджеттен бөлінген қаражатқа құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде:
Қазалы ауданы, Қазалы кентіндегі перзентхананың қазандығын салу, газ отынына бейімдеу;
Байқоңырдағы облыстық медицина орталығы филиалының жылу жүйелерін қайта жаңғырту;
Шиелі ауданындағы 2 денсаулық сақтау нысанының қазандықтарын газ отынына бейімдеу;
Жаңақорған ауданы орталық ауруханасының қазандықтарын газ отынына бейімдеу.