ГАЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Қазіргі таңда облыстың қалған 3 аудан орталығын (Жосалы, Жалағаш, Тереңөзек) газдандыру жұмыстары жүргізілуде.
Еске сала кетсек, Қызылорда облысының аудан орталықтары мен қала маңындағы елді мекендерді газдандыру «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистралды газ құбырының бойында қарастырылған бұрыптар (отвод) арқылы жүзеге асырылды. Айта кетейік, 2015 жылы 4 аудан орталығы (Арал қаласы, Әйтеке би, Шиелі, Жаңақорған кенттері) газдандырылды.
Бұл туралы Өңірлік коммунникациялар қызметінде облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлейменов энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының жарты жылдығын қорытындылаған баспасөз мәслихатында айтты.
Енді жоғарыда аталған үш ауданда газдардыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталайық.
2018 жылы Жосалы кентіне АГТС (автоматтандырылған газ тарату станциясы) құрылысын жүргізу үшін, республикалық бюджеттен 892 млн.теңге, облыстық бюджеттен 99 млн. теңге қаржы бөлініп, нысанның құрылыс-монтаж жұмыстары осы жылдың 18 мамырында аяқталды.
Сонымен қатар, Сырдария және Жалағаш аудандарына АГТС құрылысының жобасына республикалық және облыстық бюджеттер есебінен 2018 жылы 1,2 млрд. теңге қаржы бөлінді. Қазіргі таңда 30 шақырым газ құбыры-бұрыпы жүргізілді.
Облыстық бюджет есебінен 135 млн. теңгені құрайтын «Тереңөзек АГРС-тен Жалағаш ГГРП-не дейін 1,2 МПа жоғары қысымды газ құбыры – бұрмасының және Жалағаш кентінде газ жеткізу құбырларының және кварталішілік желілерінің құрылысы» жоба-сметалық құжаттама әзірленуде.
Сондай-ақ, Қызылорда қаласы іргесіндегі Ж.Махамбетов және Наурыз елді мекендерін газдандыру жобасының жоба-сметалық құжаттамасын әзірлеуге облыстық бюджеттен 49,6 млн. теңге қаржы бөлінді.
Бұған қоса, Қызылорда қаласының сол жағалауын газдандыру жобасы бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жалғасуда.
Комментарии 1