ҚАЛА ӘКІМІ ҮШЕМДІ ДҮНИЕГЕ ӘКЕЛГЕН ӨКСІКБАЕВТАР ӘУЛЕТІН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Қызылорда қаласының тұрғыны, Өксікбаевтар әулетінің келіні 33 жасар Ахметова Назерке Шаттыққызы 2018 жылдың 20 шілдесінде дүниеге үшем әкелді.
Биылғы жылы алғаш рет дүниеге келген үшемге жақындары Айлина, Жасмина, Медина деп есім берген.
Үшемнің әкесі Өксікбаев Жасұлан қалалық жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары болып қызмет атқарады.
Бұған дейін бұл отбасы 1 ұл және 1 қыз тәрбиелеп отырған болатын.
Бүгін Қызылорда қаласында орналасқан «Ана мен бала» орталығында үшемдерді салтанатты түрде шығарып алу рәсімі болып өтті.
Салатанатты шарада Қызылорда қаласы әкімдігінің өкілдері қала әкімі Н.Нәлібаевтың құттықтау хаты мен сый-сияпатын табыстады.
Жалпы, 2018 жылдың І жартыжылдығында 941 бала дүниеге келген. Өткен жылдың осы уақытымен (892) салыстырғанда 44 балаға өсім бар. Оның 501 нәрестесі ер бала, 440 қыз бала. Жыл басынан бері 16 егіздер Қызылорда қаласының тұрғындары атанған.