3D БАСЫП ШЫҒАРУ МҮМКІНДІКТЕРІ НЕМЕСЕ ЦИФРЛЫ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ШЕГІ ЖОҚ
Экономист Клаус Швабтың «Төртінші индустриялық революция» кітабы бүгінгі таңда төрткүл дүниеге жақсы танымал. Алдымен автор туралы аз-кем айта кетейік.
Шваб Клаус Мартин – неміс экономисі, Давостағы Дүниежүзілік зкономикалық форумның 1971 жылдан бері қарайғы орнын ешкім баса алмайтын бірегей президенті және негізін қалаушы. Ол 1938 жылы 30 наурызда Германияның Равенсбург қаласында фабрика директорының отбасында дүниеге келген. Гимназияда оқыған. Цюрихтегі Швейцария жоғары техникалық мектебінде машина құрастыру ісіне машықтанып, инженер деген диплом алып шыққан. 27 жасында техника ғылымдарының докторы атанды. Шваб Фрайбург қаласындағы университетте өнеркәсіп экономикасын оқып, 29 жасында экономика докторы деген атақты да алды. Сондай-ақ, Гарвард университетінде оқып, мемлекеттік басқару магистрі дәрежесін қорғады.
80 жасқа келсе де ол әлі күнге дейін АҚШ-тың Массачусет технологиялық институты мен Гарвард университетінің академиялық өміріне белсенді араласады. 2011 жылы әлемді жақсы жағына қарай өзгертуге талпынған, мәселелерді шешуге қабілетті бастамашыл жобаларды біріктіретін Global Shapers Community – Ғаламдық Шейперлер қауымдастығын құрды. Оған 20 мен 30 жас арасындағы жас көшбасшылар қатыса алады.
Клаус Шваб «Төртінші индустриялық революция» кітабында әлемдік экономиканың даму жағдайына баға бере келе, алдағы дүниені күрт өзгертетін жүйенің бірі ретінде бүгінде аты таныс әрі бейтаныс 3D басып шығару мүмкіндіктері жайлы айтады. Осыны оқырман назарына ұсынамыз.
Өндіріс
Бетбұрысты сәт: 3D басып шығару көмегімен алғаш рет автокөлік өнімі жасалды.
3D басып шығару немесе аддитивті өнім дегеніміз – физикалық құралдың алдын ала жіберілген қатпарлы цифрлық 3D суреті немесе моделі арқылы жасау барысындағы үдеріс. Көз алдыңызға батон нанның бөлшектене дайындалып жатқанын елестетіңізші.
3D басып шығаруы өте күрделі өнімдерді жеңіл жабдықтармен жасап шығару әлеуетіне ие. Ерте ме, кеш пе 3D принтерлері арқылы материалдың көптеген түрлері пайдаланатын болады. Мәселен, пластик, алюминий, тот баспайтын құрыш, керамика, тіпті ең күрделі материал қорытпаларын да пайдаланып, 3D принтерлері бүкіл фабрика атқаратын жұмысты өз міндетіне алады. 3D басып шығару – жел трибунасынан бастап ойыншықтарға дейін өз алдына түрлі практикалық колданыстар нәтижелеріне ие.
/жалғасы бар/