АЙМАҚТЫҢ ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІНДЕ ӨСІМ БАР
Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыс әкімінің орынбасары Қуанышбек Ысқақов жыл басынан бері атқарылған жұмыстар туралы баспасөз конференциясын өткізді. Онда спикер Мемлекет басшысының халыққа Жолдауына сәйкес даму үдерісі сақталған маңызды әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер туралы баяндады.
Қуанышбек Ысқақовтың мәліметінше жыл басынан бері облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарымен 437,7 млрд. теңгенің өнімі өндірілген. Сондай-ақ, аймақтың өңдеу өнеркәсібінде де өсім бар. Тамақ өнімдерін өндіру, резеңке және пластмасса бұйымдары өндірісінің артуы есебінен өңдеу өнеркәсібінде өсім 0,5 пайызға қамтамасыз етілді яғни 57,0 млрд. теңгенің өнімі өндірілді.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 87,0 млрд, құрылыс жұмыстардың көлемі 24,5 млрд. теңгені құрап отыр.
- Облыста жыл басынан 228 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 74,3 пайыз. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 17,5 млрд.теңгені құрады немесе 2017 жылдың тиісті кезеңіне 102,7 пайыз. Есепті кезеңде 15,8 мың тонна тірілей салмақтағы мал және құс еті (103,6 пайыз), 38,6 мың тонна сиыр сүті (102,1 пайыз), 3,4 млн. дана жұмыртқа (145,8 пайыз) өндірілді, - деді облыс әкімінің орынбасары.