«БАЛАЛЫҚТЫҢ ЖАН ЖЫЛУЫ – КІТАПТА»
Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханаға жазғы демалыс кезінде «Атамекен» отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиеленушілеріне саяхат ұйымдастырды.
Мұндағы мақсат – балардың бос уақыттарын тиімді пайдалану, кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттырып, кітапханаға тарту, ойлау дағдыларын қалыптастырып, дүниетанымын байыту.
Саяхат барысында кітапхана бөлімдерімен танысыты. Кітапханашының әңгімесін ықылас қоя тыңдаған балалар адам өміріндегі кітапхана мен кітаптың алатын орны, кітаптан, журналдардан, энциклопедиядан оқып білуге болатын қызықты оқиғалар жайлы мол мағұлматқа қанықты.
Соңында балалар оқыған кітаптан алған әсері мен кітап оқудың пайдасы жайлы ойларын ортаға салып, пікірлесті.
Шара соңынан «Балалықтың жан жылуы – кітапта» танымдық викторина ойыны өткізілді. Қатысушылар танымдық энциклопедиялар және әлем елдері мен таңғажайыптар туралы түрлі-түсті безендірілген кітаптарды үлкен қызығушылықпен қарап танысты.