АЛДАҒЫ ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ ЕЛІМІЗДІҢ БАСЫМ БӨЛІГІНДЕ КҮН СУЫТАДЫ

Карск теңізі аймағынан суық дымқыл арктикалық ауа ағымының түсуі жалғасуда, осыған байланысты Қазақстанның көптеген облысында жаңбыр жауады. Кей жерлерде күн күркіреп, дауылды жел соғады, бұршақ түсуі мүмкін.
Солтүстік, орталық, шығыс аудандарда түнде температураның +5, +15 дейін, күндіз +15, +23 градусқа дейін төмендеуі күтіледі. Батыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек кезең соңында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауады, сондай-ақ температураның біртіндеп көтерілуі күтіледі.