ТАРАПТАРДЫ БІТІМГЕРШІЛІККЕ ШАҚЫРУДА БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТҚАНДАРЫ ҮШІН МАРАПАТТАЛДЫ
«Медиация туралы» Қазақстан Республикасы Заңының қолданысқа енгеніне 7 жыл толуына орай, қалалық ішкі саясат бөлімі мен «Бітім» медиация орталығы қоғамдық бірлестігімен бірге «Қызылорда қаласында медиация қызметін дамыту» әлеуметтік жобасы аясында мерекелік шара өтті.
Мерекелік шара барысында облыс әкімі мен қала әкімінің және «Бітім» медиация орталығы қоғамдық бірлестігінің атынан барлығы 21 медиатор «АЛҒЫС» хаттармен марапатталды.
Оған облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Т.Маханов, қала әкімінің орынбасары Ш.Байманов қатысып, медиаторларға облыс және қала әкімдерінің марапаттарын табыстады.
Марапат иелеріне алғыс хаттар сыр өңірінде Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңының жүзеге асуына, тараптарды бітімгершілікке шақыруда белсенділік танытып, адамгершілік құндылықтардың сақталуына зор үлес қосқандары үшін табысталды.