ОТЫН АЛУДЫҢ БАЛАМАЛЫ ӘДІСІ
«Назарбаев университеті» жанындағы National Laboratory Astana ғылыми-зерттеу тобы қатты тұрмыстық қалдықты жоюмен қатар бір мезетте синтетикалық газ алу жобасын зерттеуде.
Ғылыми қызметкерлер, оқытушылар мен университет студенттері маусым кезінде полигондағы қоқыстарды сұрыптап, қағаз, текстиль, ұсақ пластиктердің үлгісін жинайды. Бұл материалдар тәжірибе өткізу үшін қажет.
Ғалымдар пікірінше, өртенгеннен қалған құрғақ қалдықты екі тәсілмен жоюға болады: газификация – метан алу және қайнап жатқан қабатта көмірмен бірге өртеу. Екінші тәсіл қысқы маусымда коммерциялық ғимараттарды жылыту үшін пайдаланылады. Зерттеу жұмысы бір жылға созылады. Оған Германия мен Канададан келген консультанттар қатысады.