ҚЫЗЫЛОРДАДА «ЖАСӨСПІРІМ» ШАРАСЫНЫҢ БІРІНШІ КҮНІНДЕ 40-ҚА ЖУЫҚ ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛДЫ
Ағымдағы жылдың желтоқсан айының 22-24 күндері аралығында жасөспірімдер қылмысын ескерту және алдын алу, кәмелетке толмағандардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ теріс қылықтармен айналысатын жасөспірімдерді анықтап, дер кезінде шара қолдану және жасөспірімдер алдындағы ата-аналардың, заңды тұлғалардың жауапкершілігін арттыру бағытындағы жұмыстарды жандандыру мақсатында республика көлемінде «Жасөспірім» жедел-профилактикалық шарасы өткізілуде.
Аталған кешенді шараға ІІО-нің жеке құрамы жұмылдырылып, жергілікті атқарушы органдардың, прокуратураның, білім беру, денсаулық сақтау органдарының, сондай-ақ «Нұр Отан» партиясының жастар қанаты филиалы өкілдерінің қатысуымен алкоголь ішімдіктерін ішетін, заңды өкілдерінің ілесіп жүруінсіз түнгі мезгілде немесе сабақ уақытында тыйым салынған орындарды жағалайтын кәмелетке толмағандарды, мектептер мен лицей оқушыларына теріс криминогендік ықпалы бар және бопсалаумен айналысатын жасөспірімдерді, кәмелетке толмағандардың есірткі және психотроптық заттарды тұтыну фактілерін, оларды пайдалануға тартатын адамдарды анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізілуде.
Іс-шараның бірінші күнінде ішкі істер органдарына барлығы 41 жасөспірім жеткізілді. Жасөспірімдердің қатысуымен 36 әкімшілік құқық бұзушылық жасалғаны анықталса, 5-уі қаңғыбастық пен кезбелікке салынғандығы белгілі болды. ҚР ӘҚБтК-нің 111-бабы бойынша 3 ата-анаға және ҚР ӘҚБтК-нің 336-4-бабы бойынша 33 тұлғаға әкімшілік шара көрілді. Ішкі істер органдарының есептік тізіміне 13 жасөспірім, 8 қолайсыз отбасы алынды.
Сондай-ақ, «Жасөсіпірім» кешенді жедел-профилактикалық шарасы барысында кәмелет жасына толмаған 3 бүлдіршінді қараусыз қалдырып кету дерегі орын алған. Атап айтқанда Қызылорда қаласы тұрғыны 1980 жылы туылған азаматша 11 жасар, 8 жасар және 5 жастағы қыздарын жалғыз қалдырып, белгісіз жаққа кетіп қалған. 10 күн бойы аталған азаматшадан хабар болмағаннан кейін қала тұрғыны Г.Н. ішкі істер органдарына хабар берген.
Тексеру барысында аталған жасөспірімдердің 2-уі желтоқсан айында мүлдем сабаққа бармағаны анықталды.
Қазіргі таңда жасөспірімдердің анасына қатысты ҚР ӘББтК-нің 111-бабы бойынша балаларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін хаттама толтырылса, ал бүлдіршіндер ювеналды полиция қызметкерлерімен облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды.
Қызылорда ОІІД Баспасөз қызметі