ШАҒЫН НЕСИЕ – КӘСІП БАСТАУШЫЛАРҒА ҮЛКЕН ҚОЛДАУ
Елбасының «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Үндеуі елдің әлеуметтік жағдайын одан әрі жақсартуды талап етеді. Бес бастаманың төртінші бөлімінде шағын несие беруді көбейту жайы қарастырылған. Саяси құжатта жүктелген міндетті орындау мақсатында облыс бойынша ауылдық жерлерде кәсіпкерлікті дамытуға қомақты қаржы қаралып отыр.
Шағын бизнестің негізгі мақсаты – халықты жұмыспен қамту, оның әлеуметтік мәселелерін шешу, еңбекке деген белсенділігін дамыту, тұтыну нарығын әртүрлі тауарлармен, қызметтермен толықтыру. Осы тұрғыда жаңа жұмыс орындарын шағын кәсіпкерлік пен бизнес арқылы қалыптастыру халықты кәсіпкерлік қызметке тартуға мүмкіндік береді.
Өткен жылдан бастап «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы жүзеге асуда. Ал, биыл шілде айына дейін осы бағдарлама аясында 40 өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам 138,4 млн теңге шағын несиеге қол жеткізді. Осы жылдан бастап жаңа бизнес жоспарларды іске асыруға қажетті құралжабдықтар алу үшін мемлекеттік гранттар беру қарастырылып отыр. Қазіргі таңда Жалағаш ауданы бойынша 70 жобаға 16,8 млн теңге мемлекеттік грант беруге қаржы бөлінді.
Биыл аталған ауданда алғаш рет бағдарламаға қатысушыларды кәсіпкерлік дағдыларына оқыту, сондай-ақ олардың бизнес жобаларын сүйемелдеу бойынша «Бастау Бизнес» жобасы іске асуда. Аталған жоба аясында 59 жергілікті тұрғын оқу курсын аяқтап, барлығы облыстық байқау кеңесінде жобаларын қорғап шықты. Жеңімпаздар қазіргі таңда несие алуға құжаттар дайындауда.
Сондай-ақ, «Бизнес Кеңесші» жобасы аясында өткен қысқа мерзімді оқу курсына Жалағаш ауданнан 132 азамат қатысып, арнайы сертификатқа ие болды. Шағын несие алудың негізгі талаптарының бірі осы оқу курстарынан өту болатын. Кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 180 адамды қамту жос¬ парланса, есепті мерзімге 68 адам жолданды.
Шағын және орта кәсіпкерлікті бастау немесе дамыту мақсатында мемлекет ұсынған бағдарламалар аясында жыл басынан бері аудан бойынша жалпы құны 790,6 млн теңгені құрайтын 126 жоба қаржыландырылды. Атап айтар болсақ, «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында «Қазақстан Халық банкі» АҚ облыстық филиалы арқылы 4 жоба 227,8 млн теңгеге қаржыландырылып, пайыздық мөлшері субсидияланды.
Жоғарыда аталған бағдарламаның мемлекеттік гранттар беру бағыты бойынша 26 жоба иесі 21,5 млн теңгенің грантына ие болды. «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы» микроқаржы ұйымы» ЖШС арқылы 31 жоба 112,3 млн теңгеге қаржыландырылды. Бұл көрсеткішті өткен жылмен салыс¬тырсақ 8 есеге өсіп отыр.
Мұнан бөлек «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның облыстық филиалы арқылы 44 жоба 156,5 млн теңгемен қамтамасыз етілді. Ал, «Ауыл» несие серіктестігі» ЖШС арқылы 20 жобаға 175,3 млн теңге бөлінсе, «Каз Агро Қаржы» АҚ-ның облыстық филиалы арқылы 1 жоба 97,2 млн теңгеге қаржыландырылды. Шындығына келсек, мұның барлығы – мемлекеттің кәсіппен айналысамын деген азаматтарға жасап отырған үлкен көмегі. Сондықтан осын- дай мол мүмкіндікті пайдаланып, отбасылық немесе жеке кәсібімізді дамытсақ деймін.
А.ИСКАКОВА,
Жалағаш аудандық жұмыспен қамту,
әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімінің сектор меңгерушісі