КОМИССИЯ ТАЛАП ЕТУГЕ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ
Ұлттық банк Қазақстанда екінші деңгейлі банктерге қандай комиссияны талап етуге тыйым салынғанын жариялады.
Айта кетейік, 2018 жылдың 16 шілдесінен бастап ҚР Қаржылық қызмет тұтынушыларының құқығын қорғау мақсатында валюталық реттеу мен бақылау туралы Заңы қолданысқа енді. Осыған орай, енді банктер коллекторлық агенттіктерде қаралған қарызды жабу кезінде комиссия талап ете алмайды.
Сондай-ақ проблемалық ипотекалық несиесі бар тұтынушыларды қолдау мақсатында банктерге кепілдемеде тұрып, кейін банк меншігіне өткен баспананы жалға беруге рұқсат берілді.
Бұған қоса, Ұлттық банк ҚР Әділет министрлігімен бірігіп, банктерде алименттік төлем үшін ашылған шоттардағы ақшадан қарыз жабуға тыйым салуды ұсынды.
Ұлттық банктің баспасөз қызметі бұған дейін банктерге ипотекалық несие үшін комиссия алуға тыйым салынғанын хабарлаған еді.