МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУҒА МҮМКІНДІК МОЛ
Айталық, 2013 жылы Жалағаш элеваторын сатып алып, «Байқоңыр» ӘКК жанынан облысымыздағы күріш кластерін қалыптастыруға негіз болатын «Агрохолдинг» құрылды. Кластер жүйесін енгізе отырып, пайда әкелетін және бәсекеге қабілетті күріш өсіретін шаруа қожалықтарының санының артуына қол жеткізілді.
Нақты кезеңде «Байқоңыр» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы күріш және балық кластерлерін одан әрі дамыту, сондай-ақ, мал шаруашылығы, өңдеу және логистика салаларында кластер құру жұмыстарын қолға ала бастады. Бұл үшін қажетті қаржы қазірдің өзінде бюджеттен бөлінді.
Ауылшаруашылық өндірісі табиғи құбылыстар мен басқа да бірқатар факторға барынша тәуелді, әлсіз сала болып табылады.
Ал, цифрлық технологияларды енгізу нақты бизнес-үдерістерді жобалауға, сонымен қатар, нәтижені де бол¬жауға негіз болатын табиғат факторларын талдауға және болжауға мүмкіндік береді. Бұл еңбек өнімділігін арттыруға ғана емес, табиғи ресурстарды неғұрлым үнемді пайдалануға, пестицидтер мен минералды тыңайтқыштарды пайдалануды сиретуге, бір сөзбен айтқанда, экологиялық таза органикалық өнімдер өндіруге мүмкіндік береді.
Болашақтың технологиялары немесе «жасыл» технологиялары бар осындай ферма Жалағаш ауданында құрылды. Оның макеті өткен жылы Астана қаласында өткен «EXPO-2017» халықаралық көрмесіне ұсынылды. Бұл – танапты «тамшылатып суару» әдісін қолдана отырып және күн сәулесі мен жел энергиясының көмегімен жерасты су көздерін пайдалану арқылы суарудың гибридті жүйесі. Бұл жоба қолдау тауып, фермерлік шаруашылыққа осы технологияны енгізу үшін өз алдына аумақ бөліп берілді.
Бұл ноу-хау шөл және шөлейт аймақтарды мал шаруашылығын дамытуға ғана емес, сонымен қатар, жеміс-жидек дақылдары мен көкөністерді өндіруге қалай пайдалануға болатынын көрсетеді.
Айта кету керек, соңғы төрт жылда облыста отарлы мал шаруашылығын дамыту мақсатында жайылымдық жерлерді суландыру бойынша 220 жоба жүзеге асырылды. Бұл жобалардың көпшілігі күн энергиясын пайдалануға негізделген. Жоба мал шаруашылығын одан әрі дамыту үшін жақсы мүмкіндік болып табылады.