ДІНИ САУАТСЫЗДЫҚ – ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМНІҢ БАСТАУЫ
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан 2050 стратегиясы»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» деп аталатын Жолдауында ең маңызды міндеттердің бірі ретінде радикализмнің, экстремизмнің және терроризмнің барлық түрлері мен байқалуына қарсы іс-әрекеттер қолдану қажеттігі айтылғаны белгілі.
Нақыт кезеңде қоғамның өте қауіпті мәселесі – экстремизм мен терроризм жолдарымен күресу. Әлем мемлекеттері арасында адамдарды кепілдікке алу, ұрлау, мемлекеттік ұйымдар мен қоғамдық орындарда жарылыстар, стратегиялық нысандарға шабуылдар жасау сияқты әрекеттер ел тыныштығына нұқсан келтіріп халық арасында үрей туғызуда. Осы бағытта еліміздің тыныштығын, Отанымыздың беріктігін қорғайтын әскерилердің моральдық-психологиялық жағдайы қатаң қадағалану арқылы түсіндірме жұмыстары жүргізілуі қажет.
Сондықтан Қызылорда облысы бойынша орналасқан ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің департаменті және Құқық қорғау органдарының қызметкерлері, облыстық ішкі саясат басқармасы дін мәселелерін зерттеу орталығының теологтарымен бірлесе Қызылорда гарнизонының әскери бөлімдері және мекемелерінде терроризм және экстремизімге қарсы «Anti Terror» контрнасихаттау шаралары ұйымдастырылады.
Айтулы шарада мыңға жуық әскери қызметшілер мен бөлім басшылары, азаматтық персоналдар, сарбаздар қатыса отырып, мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің басым бағыттары жөнінде баяндамалар тыңдалынады.
Сонымен қатар, терроризм және экстремизімга қарсы күресу жолына арналған бейнероликтер мен деректі фильмдерде көрсетіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан 2050 стратегиясы»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» деп аталатын Жолдауында ең маңызды міндеттердің бірі ретінде радикализмнің, экстремизмнің және терроризмнің барлық түрлері мен байқалуына қарсы іс-әрекеттер қолдану қажеттігі айтылды.
Елбасының мемлекетіміздің өсіп-өркендеу бағытына арналған Жолдаулары мен саясатын ұстана келе, елдің татулығы мен бірлігі жолында аянбай тер төгуіміз қажет.
Б.НҰРМАХАНБЕТОВ
Қызылорда гарнизонының
әскери прокуратурасының прокуроры,
әділет майоры