"ШАҒАЛА" – КӨҢІЛДІ ДЕМАЛЫС МЕКЕНІ
Қазір жазғы тынығу лагерлерін балалардың шат күлкісіне толған кезі. Қазалы ауданының әкімі М.Ергешбаев Қазалы қаласы іргесіндегі «Шағала» балаларды сауықтыру демалыс орталығына барып, ондағы тынығушылармен жүздесіп, жағдайымен танысып қайтты.
Биылғы көктемде Сырдария өзенінде сең жүру кезінде Қазалы ауданындағы «Шағала» орталығының аумағын су алғаны белгілі. Аудан басшылығының қолдауымен демалыс орталығын қалпына келтіру үшін шұғыл шығындар есебінен 7 млн теңгеден астам қаржы бөлініп, сәуір-мамыр айларында ауқымды жұмыстар атқарылды. Нәтижесінде, демалыс орталығы осы жылдың 1 маусымынан бастап демалушыларды қабылдады.
Тынығу орнында биылғы жаз мезгілінде 125 баладан 7 ауысымда барлығы 875 баланы демалдыру жоспарланып отыр. Қазіргі таңда демалыс орталығында әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыдан шыққан 140 бала демалуда. Мұнда балалардың уақытын көңілді өткізу үшін 13 үйірме жұмыс істейді және "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында көпшілік іс-шаралар, танымдық экскурсиялар, спорттық ойындардан жарыстар жиі өткізіледі.
«Салауатты ұлт – ел болашағы» екендігін ескерсек, ширек ғасырдан астам тарихы бар орталықты алдағы уақытта жас өрендеріміздің игілігі үшін жаңғыртып қайта салудың маңызы артып отыр.
Айта кетейік, осы орайда, «Шағала» балалар сауықтыру лагерін мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде қайта жаңғыртуға байланысты жобалық жұмыстар қолға алынды.