ЖАҢА КӘСІПКЕРЛІК НЫСАН АШЫЛДЫ
Қармақшы ауданы Төретам кентінде «Алмаз» сауда орталығы халық игілігіне пайдалануға берілді.
Қазіргі таңда аудан көлемінде кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға тұрақты негізде жұмыстар жүргізіліп, жаңа жұмыс орындарын ашуға, кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыс істеуіне жағдай жасалуда.
Заманауи әдемі сәулетімен бой көтерген «Алмаз» сауда орталығының ашылуына облыс әкімінің орынбасары С.Қожаниязов қатысып, құттықтап жылы лебізін жеткізді. Сонымен бірге кәсіпкерлік нысанның салтанатты ашылуына Қармақшы аудан әкімінің орынбасары Ж.Сүйеубаев қатысты.
Жеке кәсіпкер Е.Ізбановтың өз қаражаты есебінен 120 млн теңге көлемінде қаржы салып, сауда орталығының құрылысын аяқтады.
Енді жаңа кәсіпкерлік нысанда 100-ге жуық адам жұмыспен қамтылады деп күтілуде. 2000 шаршы метрді құрайтын қос қабатты ғимаратта қызмет көрсету обьектілері мен азық-түлік емес тауарлар сатылатын болады.