ЖОЛДАУДЫ ҚОЛДАУ – ЖАҺАНДЫҚ ДАМУҒА ЖЕТЕЛЕЙДІ
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Конституциясының 44-бабында көрсетілген міндетіне сай биылғы жылы да Қазақстан халқына елдегі жағдай мен республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы жыл сайынғы жолдауын арнады.
Елбасының дүниежүзіндегі саяси және экономикалық дағдарыс кезіндегі «Төртінші өнеркәсіп жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» деген тақырыппен арнаған биылғы Жолдауының маңызы ерекше. 2018 жылғы Жолдау елде жүргізіліп жатқан жаңғыру үдерістерінің логикалық жалғасы және «Қазақстан-2050» даму стратегиясымен, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарымен, сондай-ақ, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласымен ұштасады.
«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында бүгінгі күнгі өте маңызды он саланы тізіп, нақтылап айтып берді. Қазақ елі индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналу үшін цифрлы технологияны жетік меңгеру – басты міндет. Цифрландыру қазақстандықтардың ілгерілеудің жаңа нақты ахуалдарына сәтті навигациялануы мен бейімделінуінің қажетті алғышарттары болып табылады.
Мәселен, электронды қызмет көрсетуді жетілдірудегі негізгі мақсат – халыққа сапалы қызмет көрсету. Ел онлайн қызметті пайдалану арқылы уақыт үнемдейді. Біз әлі де болса, халыққа цифрлы қызмет көрсетудің тетіктерін жетік түсіндіруіміз қажет. Көпшілікке жаңа жүйелердің жетістіктерін күн сайын жедел насихаттап отыру өте маңызды. Ақпарат жеткілікті болса, әркім өзіне қажет мәліметті дер кезінде ала алады.
Қазақстан халқына сапалы мемлекеттік қызмет көрсету - азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыру мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың маңызды көрінісі.
Дүниежүзінің дамыған елдеріндегідей елімізде «Қызмет көрсетудің біртіндеп электронды саласына көшу бағытында мемлекеттік органдардың электрондық қызмет көрсету жүйесі қалыптасқан. Электронды қызмет көрсету – қазіргі уақыттағы заман талабына сәйкес «электронды үкімет», «электронды портал» жүйелері арқылы электронды түрде жүргізілуде.
Бүгінгі таңда Сот сараптамасы институтының ролі құқықтық мемлекет орнатуда ерекше орын алады. Осы бағытта Әділет министрлігімен 2018 жылы "Е-сараптау" бағдарламасын іске қосу жоспарлануда.
Аталған бағдарлама сараптамаға түскен құжаттарды (заттай дәлелдемелерді, ілеспе құжаттарды) электронды есепке алып, оны электронды автоматты түрде сарапшыларға бөліп және электронды мұрағат қалыптастыруға ықпал етеді. Нәтижесінде сараптама қорытындыларына кететін уақыттың кемуіне өз ретінде септігін тигізетін болады.
Мемлекеттік қызмет көрсету тізіліміне сәйкес, Әділет министрлігімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтің 60 түрі тіркелген. Әділет департаментімен мемлекеттік қызметтің 19 түрі көрсетіледі. Оның ішінде, мемлекеттік қызметтерінің 4 түрі тек қағаз ретінде белгіленген. 4 электронды қалғаны яғни 11-і баламалы түрде электронды немесе қағаз жүзінде қарастырылған.
Әділет органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің түрлері: жылжымайтын мүліктерді тіркеу, заңды түлғаларды тіркеу, азаматтық хал актілерін тіркеу, сондай-ақ, нотариаттық, адвокаттық және жеке сот орындаушылар қызметтерімен айналысуға құқық беретін лицензиялар алу үшін аттестаттау сатыларын өткізу қызметтері жүзеге асырылады.
Елбасының биылғы Жолдауда айтылған ойлары мен көтерілген бастамалары әрбір Қазақстандықтың жүрегіне жетеді деп ойлаймын, ал Әділет органдарының қызметкерлері жолдауда көрсетілген бастамалар мен жоспарларды, одан туындайтын міндеттерді ойдағыдай жүзеге асыруға барынша жұмыс жасайды деп нық айта аламын.
Қ. САПАРОВ,
Қызылорда облысы
әділет департаментінің басшысы