ӨҢІРДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМНЫҢ ДАМУ
Жаңа бәсекеге қабілетті индустриялар құрудың маңызды шарты инновацияларды қолдау және оларды тез арада өндіріске енгізу болып табылады.
Сол себептен де, мұнай компанияларымен жүргізілген келіссөздер нәтижесінде алғаш рет негізгі жұмысы Қызылорда облысындағы инновациялық өнім көлемін ұлғайтуға бағытталған Өңірлік инновациялар офисін құруға қаржы бөлінді.
Бұл жұмыстар халықаралық инвест және интернет-форумдар өткізу арқылы жүзеге асырылатын болады.
22 маусымда «Цифрландыру: өңірді дамытудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбында ІІІ Халықаралық Интернет-форум өтті. Оған Ресейден, оның ішінде Татарстаннан, Қытайдан, Белоруссиядан, Украинадан, сонымен қатар, цифрландыру саласы бойынша әлемнің алдыңғы қатарлы компаниялары – «Huawei» (Қытай), «Dell» (АҚШ), «Сколково» (РФ) және т.б. өкілдері қатысты.
Форумның нәтижесінде IT-жобаларды жүзеге асырудағы ынтымақтастық туралы Халықаралық «Astana Hub» стартап-хабы, «Smart city» технологиясын енгізу бойынша Беларустық «Какаду Девелопмент», сондай-ақ, цифрландыру бойынша Қазан қаласындағы ресейлік «Барс Групп» және қазақстандық «Транстелеком» компанияларымен меморандумдарға қол қойылды.