ЗАҢҒА ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗІЛМЕК
Барлық өткен жылдағыдай, осы кезеңдегі мемлекеттік саясат бәсекелік саясаттың одан әрі дамуына бағытталған.
Негізгі мақсаты экономикалық тиімсіздікті қысқарту болып табылатын бәсекелестікті қорғау саласындағы саясат мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі. Осыған орай, бәсекелестікті қорғау бойынша заң және саясат бірінші кезекте бәсекесізбағыттыжәне монополистік қызметті реттеуге, бәсекелестікті шектеуге бағытталған әрекеттердің жолын кесуге, тауар нарықтарының қызмет етуі үшін оларға нарықтық жағдай құруға (соның ішінде, бәсекелес нарығындағы кездесетін кедергілерді төмендету), мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуын қысқартуға бағытталуы тиіс.
2018 жылғы 24 мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Іс-тәжірибесінде кәсіпкер ең бастысы бизнес ахуалдың жақсарғаның көреді. Монополияға қарсы органның жаңа концепциясы кәсіпкерлерге айыппұл салу емес, қайта оларды Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнама бұзушылық белгілерінің салдары туралы алдын ала хабарлау және ескерту болып табылатындығын түсіну маңызды.
Дегенмен, егер монополияға қарсы орган бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылыққа тергеп-тексеру жүргізген жағдайда, тергеп-тексеру жүргізу кезінде монополияға қарсы органның лауазымды адамдарының құқықтары мен міндеттері күшейтілді, атап айтқанда:
1)тергеп-тексеру объектісінің аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіру;
2)тергеп-тексеру нысанасына сәйкес тергеп-тексеру объектісінің автоматтандырылған дерекқорларына (ақпараттық жүйелеріне) және өзге де электрондық жеткізгіштеріне қол жеткізу;
3)тергеп-тексеру объектісінің қызметкерлерінен тергеп-тексеру нысанасына қатысы бар қажетті ақпаратты, құжаттарды немесе олардың көшірмелерін, тергеп-тексеру барысында туындаған мәселелер бойынша ауызша және жазбаша түрде түсініктемелерді монополияға қарсы орган белгілеген мерзімде сұрату;
4)тергеп-тексеруді жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдарының мамандарын және өзге де адамдарды сарапшылар ретінде тарту;
5)тергеп-тексеру нысанасына сәйкес тергеп-тексеру объектісінің үй-жайы мен аумағындағы заттарды, электрондық және қағаз құжаттарды және басқа да ақпарат жеткізгіштерді қарап-тексеру;
6)тергеп-тексеру нысанасына сәйкес тергеп-тексеру объектісінің дерекқорынан (ақпараттық жүйелерінен) және өзге де электрондық жеткізгіштерінен құжаттардың, ақпараттардың көшірмелерін түсіріп алу;
7) тергеп-тексеру объектісі қызметкерлерінің және тергеп-тексеру объектісінің аумағындағы өзге де адамдардың әрекеттерін (әрекетсіздігін);
тергеп-тексеру объектісінің үй-жайлары мен аумақтарын;
тергеп-тексеру объектісінің үй-жайындағы немесе аумағындағы мүлікті аудио-, фото- және бейнетіркеуді жүргізу;
8) сараптама үшін өнім үлгілерін іріктеу.
Монополияға қарсы органның лауазымды адамдарының осы бапта көзделген барлық құқығы жергілікті уақыт бойынша сағат 9.00-ден бастап 18.00 дейінгі аралықта және тергеп-тексеру нысанасына сәйкес жүзеге асырылады.
Бұзушылықтардың жолын кесу қажет болған жағдайда, монополияға қарсы органның лауазымды адамдарының өкілеттіктерін іске асыру жұмыстан тыс уақытта (түнгі уақыт, демалыс немесе мереке күндері) жүргізілуі мүмкін.
Сонымен бірге, электрондық нысанда өткізілетін сатып алу мен сауда-саттық операторлары монополияға қарсы органның талап етуі бойынша:
1) тауарларды сатып алу мен сауда-саттықты өткізуге мониторингті нақты уақыт режимінде жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, тауарларды электрондық сатып алудың немесе сауда-саттықтың сауда немесе ақпараттық жүйелеріне, тауар биржаларына немесе өзге де сауда алаңдарына;
2) сатып алу мен сауда-саттықты жүзеге асыру процесіне қатысты құжаттамаға және өзге де ақпаратқа тұрақты қолжетімділік береді.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексіне бұдан басқа да бірқатар түзетулер енгізілді. Яғни, бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамаға енгізілген барлық жаңа өзгерістер мен толықтырулар өз алдына бәсекелестікті дамыту үшін үлкен потенциалға ие және бұл негізі кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған.
ҚР Ұлттық экономика министрлігі
Табиғи монополияларды реттеу,
бәсекелестікті және тұтынушылардың
құқықтарын қорғау комитетінің
Қызылорда облысы бойынша департаменті