ӘЗІРЛІК ПАСПОРТЫН АЛУ МАҢЫЗДЫ

Оған облысытық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Б.Жаңабаев, «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы М.Кәрімбаев, «Қызылордажылуэлектрорталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры Р.Нұрмағанбетов және басқа да энергия таратушы мекемелердің басшылары мен өкілдері қатысты.
Жиында 2018-2019 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындық мәселелері талқыланды. Департамент басшысы энергия өндіруші және энергия таратушы ұйымдарға 2018-2019 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындық паспортын алу ережесін түсіндірді. Соңында департамент өкілдері қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.