ҚАЗАҚСТАН ТҰҢҒЫШ РЕТ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН «ЕВРОВИДЕНИЕ-2018» ӘН БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСАДЫ
Қазақстан тұңғыш рет балаларға арналған «Евровидение-2018» ән байқауына қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Хабар» арнасы балалар арасында өтетін «Евровидение-2018» ән байқауын көрсету құқығына ие болды. Айта кетейік, бұл халықаралық шараға Қазақстан алғаш рет қатысқалы отыр. Мамандар биылғы өнер жарысы алдыңғы жылдармен салыстырғанда қызықты өтеді деп болжайды. Себебі, байқауға 19 мемлекет қатысатынын растады. Бұл - балалар «Евровидениесі» тарихындағы ең жоғары көрсеткіш.
Еске салайық, биыл өнер додасы 25 қараша күні Беларусь астанасы Минскіде өтеді. Оған 9 бен 14 жас аралығындағы жас әншілер қатысады.