САНДЫҚ ЖҮЙЕГЕ КӨШУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ
Биылғы жылдың 10-қаңтары күні Елбасының Қазақстан халқына арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы жарияланды.
Бүгінде еліміз Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеді.
«Төртінші өндірістік революция» кітабының авторы Клаус Шваб өз сөзінде: «Әлемді адам емес ағымдағы болып жатқан өзгерістер адамды өзгертеді» – дейді. Күн санап өмірімізге SMART технологиялардың дамуы саны артып күнделікті тіршілігімізге жаңалық енгізуде.
Сонымен, биыл жаздан бастап елімізде «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы іске қосылды. Негізі былтырғы 2017 жылы қаланған осынау жобаны Мемлекет басшысы жыл басындағы халыққа арнаған Жолдауында ерекше атап өткен болатын.
Елбасының атап өткендей, ақпараттық технологиялардың қарыштап дамып бара жатқан мына заманында IT саласын дамытпасақ, дамыған 30 елдің қатарынан көріну бізге жай арман боп қалары анық. Өйткені, өркениетті елдердің барлығы осы сандық жүйеге көшіп, өнеркәсібінің дамуын және халқының әл-ауқатын жылдан-жылға жақсартып келеді.
Шиелі ауданы тұрғындарын цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында аудандағы барлық 41 білім беру ұйымдарында «Базалық цифрлық дағдыны қалыптастыру» және «Ашық үкімет» порталы бойынша жуырда оқыту курстары жүргізілді.
Қорытынды нәтижесінде, базалық цифрлық дағдыны қалыптастыру бойынша – 900 адам, ашық үкімет порталы бойынша – 1960 аудан тұрғыны оқып, тест сауалнамалары жүргізілді. Оқыту курсы аудан тұрғындарынның цифрлық сауаттылығын арттырып қана қоймай, күнделікті өмірде кез келген уақытта керекті мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді үйде отырып интернет жүйесі арқылы алуына көп үлесін тигізеді.
Бәсекеге қабілетті елдердің құрамына еніп, еңселі елдің біріне айналуымыз үшін цифрландырудың маңыздылығы жоғары болып табылады. Алдағы уақытта қоғамда цифрлық жүйеге сауаттылықты арттырып отырудың бүгінгі заман талабы екендігі айқын.
Л.НАҚЫПОВА,
Шиелі ауданы