СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ ЗАРДАБЫ ЗОР
Елбасы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында Қазақстанның мемлекеттілігін нығайту жолындағы стратегиялық маңызды мәселелерді айқындап, қоғам мен мемлекетті түбегейлі қайта өзгертуге, жаңғыртуға бағытталған бес негізгі басымдылықты белгілеп берді.
Мұндағы бесінші басымдықтың бірі – сыбайлас жемқорлықпен күрес. Елбасы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 13-қадамында да жемқорлыққа қарсы кү¬ресті күшейту мәселелері нақты көрсетілген.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның мақсаты – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен туындайтын қауiп-қатерден ҚР ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кiнәлiлердi жауапқа тарту арқылы мемлекеттiк органдардың, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын лауазымды және басқа да адамдардың сондай-ақ оларға теңестiрiлген адамдардың тиiмдi қызметiн қамтамасыз етуге бағытталған және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң негiзгi принциптерiн айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерiн, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгiлейдi.
Бұл заңның ерекшелігі сол, билік басындағы лауазым иелерінің қызмет бабын жеке басының мақсаттарына пайдалануына, келеңсіз әрекеттеріне тосқауыл қою болып табылады. Лауазым иесінің қызметтік міндетіне жатпайтын әрекеттер, мысалы, жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның, үшінші бір адамның пайдасына бағытталған іс-әрекеттері қылмыстық белгі құрамауы мүмкін. Сондай жағдайда келеңсіз қылығы әшкере болған лауазым иесі аталған заң негізінде жауап береді. Мемлекеттің мүддесіне, халықтың мемлекетке, заңдарымызға деген сеніміне нұқсан келтіретін лауазым иесінің теріс әрекеті жазасыз қалмау керек.
Сыбайлас жемқорлық азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының бұзылуына әкеп соғады.
Аталған заңның талаптарына сәйкес, барлық мемлекет қызметшілеріне және құқық қорғау органдары мен арнаулы қызметтердің лауазымды адамдарына кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, соның ішінде шаруашылық жүргізуші субъектілерді басқару органдарына, ақы төленетін қызметтер атқаруға тиым салынатыны көрсетілген. Барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар үшін өз құзіреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті.
«Қазақстанның үшінші жаң¬ғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Елбасы Қазақстанның мемлекеттілігін нығайту жолындағы стратегиялық маңызды мәселелерді айқындап, қоғам мен мемлекетті түбегейлі қайта өзгертуге, жаңғыртуға бағытталған бес негізгі басымдылықты белгілеп берді.
Мұнда бесінші басымдықтың бірі – сыбайлас жемқорлықпен күрес. Онда: «Сыбайлас жемқорлықтың себептері мен алғышарттарын анықтап, оларды жою жұмысын күшейту қажет. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықпен күресте көп нәрсе бүкіл қоғамның белсене атсалысуына байланысты. Әлеуметтік желінің, өзге де медиа-ресурстардың дамуы жағдайында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет барысында оны жалпы жұртшылықтың жек көруі күрестің қуатты құралына айналуға тиіс» делінген.
«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 13-қадамында да жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мәселелері нақты көрсетілген.
Бұл ретте өз құзыреті шегінде Қызылорда облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту бойынша Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 389-V Заңын түсіндіру мақсатында облыс әкімдігі тарапынан бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес облыс аумағындағы бірқатар түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Басқарма тарапынан сыбайлас жемқорлықпен күресу мақсатында Қызылорда облысы әкімдігінің ресми интернет-ресурстарында және жергілікті бұқаралық ақпарттар құралдарында бірқатар мақалалар жариялануда. Сонымен қатар, басқарма қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбынды үнемі «дөңгелек үстел» отырыстары өткізіліп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаулар жүргізілуде.
Биылғы жылдың алты айы бойынша аталған басқармаға жеке тұлғалардан 82, ал заңды тұлғалардан 108 өтініш келіп түсті. Оларға қолданыстағы заң талаптарына сай жауаптар берілуде.
Бұл жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.
Қызылорда облысының жердің пайдаланылуы
мен қорғалуын бақылау басқармасы