ТАУАРЛАРДЫ САҚТАУ ДА ЭЛЕКТРОНДЫ НҰСҚАДА
Биылғы жылдың шілде айынан бастап «Астана-1» Ақпараттық жүйесінде тауарларды сақтаудың электронды форматы енгізілді.
«Астана-1» АЖ-де әзірленген «Тауарларды сақтау құжаты» бернесі уақытша сақтау орындарының (уақытша сақтау қоймасы, кеден қоймасы, өз тауарын сақтау қоймасы т.б) иелеріне сақтауда тұрған тауарлардың есептен шығарылуын нақты уақыт режимінде жүзеге асыруға, сондай-ақ транзиттік декларациялардың жабылуы жөнінде мәліметтерді қарауға, тауарларға арналған декларациялардың шығарылуын қадағалауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, тауарларды сақтаудың электронды болжамы сыртқы экономикалық қызметке қатысушы тұлғаларға кеден органдарының белгілері бар тауарларға арналған декларацияны ұсынбай-ақ тауарларды уақытша сақтау орындарынан алуға, сол арқылы тиісті амалдарды қысқартуға мүмкіндік береді, және СЭҚ қатысушы тұлға мен Мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғасы арасындағы тікелей байланысты жоя отырып, сыбайлас жемқорлық әркеттерінің әлдеқайда азаюын қамтамасыз етеді.
Өз кезегінде, уақытша сақтау қоймалары иелерінде «Астана-1» АЖ-де сақтауда тұрған тауарларды шығарылғанға дейін есептеу жүйесін жүргізуге мүмкіндік береді.
Кедендік үдерістердің автоматтандырылуы бойынша қабылданған шаралар, бизнеске қолайлы жағдайлар жасау мен аталған сала қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған.
Т.ТӨЛЕГЕНОВ,
Қызылорда облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің
бас маманы