ӨНІМДІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕ КЕҢЕС
Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қазақстанның Үшінші жаңғыруын жобалық басқару аясында осыған дейін атқарылған жұмыстардың жай-күйі жөнінде кеңес өткізді деп хабарлайды primeminister.kz.
Кеңес барысында өнімді жұмыспен қамту және білім беру саласын дамыту бағыттары бойынша іс-шараларды орындау және индикаторларға қол жеткізудің 2018 жылдың екінші жарты жылдығына арналған жоспарлары және бірінші жарты жылдықта атқарылған жұмыстардың алдын-ала қорытындылары талқыланды.
Білім және ғылым министрі Е.Сағадиев еңбек ресурстарын жоспарлау және болжау, жаңа экономика қажеттілігін ескере отырып, жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларының мазмұнын өзгерту, сондай-ақ білім беру қызметтерін ырықтандыру және инвестициялар тарту, шетелдік студенттерді тарту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.