ҚАРМАҚШЫДА СОТСЫЗ ТАТУЛАСТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Қармақшы ауданында сотсыз татуласу тұжырымдамасын жүзеге асыру үшін «Сотсыз татуласу орталығы» ашылды.
Жосалы кентіндегі «Аргерлер үйі» ғимаратынан ашылған татуласу орталығына Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Е.Меңлібаев, аудандық сот судьясы Л.Алибекова арнайы барып, орталықтың жұмысымен танысты.
«Сотсыз татуласу орталығының» мақсаты – халықтың санасын өзгертіп, қоғамдағы даукестіктің деңгейін төмендету және дауларды келісім арқылы тиімді шешу болып табылады. Қармақшы ауданында мұндай бастаманың жүзеге асырудың маңызы зор.
Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында қоғамдағы жанжалды жағдайды төмендету, дауларды азайту, бітімгершілік және дауларды шешудің басқа да баламалы тәсілдерін енгізу мақсатында дауларды соттардан тыс реттеу институттарын дамытуды жалғастыру арқылы тетіктер қарастыру жөнінде нақты тапсырмаларберілген болатын.
«Сотсыз татуласу орталығын» құру жобасын жүзеге асыру үшін қазақшылықтың қаймағы бұзылмаған, ұлттық рухани құндылықтар сақталған Қызылорда облысынан бастау жөнінде шешім қабылданған.
А. ҚОЗЫБАҚОВ,
Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз хатшысы