МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ КӘСІПКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН «ЖҰЛДЫЗДАРҒА ҚАРА» ЖОБАСЫ ІІ КЕЗЕҢІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
«Казкоммерцбанк» АҚ-ның қаржыландыруымен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ және Қазкоммерцбанктің «Құс жолы» корпортаивтік қайырымдылық қоры бірлесе ұйымдастырған жобаның мақсаты мүмкіндігі шектеулі жандар арасында кәсіпкерлікті дамыту болып табылады.
Конкурстың екінші кезеңінің жеңімпаздары және 200 мың теңге көлемінде қайтарымсыз грант иегерлері Мағауияұлы Шайхы-Ислам – 2-ші топ мүгедегі, Айдарқұлова Еркегүл – 3-ші топ мүгедегі атанды. Сонымен қатар, 4 мүмкіндігі шектеулі бастауыш кәсіпкерге «Даму-Көмек» бағдарламасы шеңберінде демеушілік көрсетілді.
Мағауияұлы Шайхы-Ислам – Қызылорда облысы Арал ауданының жас белсенді кәсіпкері. Көруі нашарлаған ол 4 жылдан бері 2-ші топ мүгедегі, қазақ соқырлар қоғамының белсенді мүшесі. Жанарының суалғаны жалынды жасты жасытқан емес. Шайхы-Ислам – 13 жасынан бастап темірден түйін түйіп, ағашқа тіл бітірген зергер. Баласының қабілетін байқаған әкесі оны ҚР Суретшілер одағының мүшесі Құдайберген Құлмамбетовтың қоластына оқуға берді. Талантты суретшінің оқушысы болған Шайхы-Ислам сиырдың мүйізінен, маңдай сүйегінен бұйымдар, мүйізден балықтың мүсінін жасайды және қыздар тұтынатын әдемі әшекей де жасау қолынан келеді. Темірдің түр-түрінен, түсті металдардан шашбау, тұмар, білезік, сақина, жүзік, ерлер жүзігі т.б зергерлік бұйымдарды, сонымен қатар, қайың ағашынан ыдыс аяқтар, бас табақ, шолпы, қасық, кесе, теріден торсық, кесе қап секілді тұрмыстық бұйымдарды дайындауды меңгерді. Өнінің мүмкіндігінің шектеулі екеніне қарамастан Шайхы-Ислам бір орында отырмай, «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы аясында екі жерде жұмыс жасайды, «Ақмешіт» гуманитарлы-техникалық колледжінде «Дизайн» факультеті бойынша оқиды. 2013 жылы дарынды Шайхы-Ислам жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, сувенирлі бұйымдар жасап сатуды кәсіпке айналдырды. Кәсіпкердің сөзінше, туған Арал қаласына шет елден туристер өте көп келеді және қаладан естелікке дәстүрлі өрнектер салынған сувенирлер алып кетуге ынталы. Оның жасайтын өнімдеріне сұраныс үлкен, алайда цехын үлкейтуге құрал-жабдық алуға мүмкіндік тумай жүрді. Гранттық қаражатқа Мағауияұлы Шайхы-Ислам жонатын станок сатып алып, өз бизнес жоспарын жүзеге асыратын болды. Өзінің жастығына қарамастан, мүмкіндігі шектеулі кәсіпкер республикалық және облыстық деңгейдегі түрлі байқауларға белсенді қатысып жүреді. 2011 жылы Қорқыт Ата университетінің 72 жылдығына орай ұйымдастырылған «Қолөнер» шеберлерінің көрмесінде жүлделі болды. 2013 жылы республикалық «Бәріміз бірдейміз» конкурсында «Үздік жасап шығарушы» номинациясымен жеңімпаз болып, 2014 жылы «Сыр үміті» облыстық премиясын алды.
«Жұлдыздарға қара» жобасының екінші кезеңі жеңімпазы атанған тағы бір мүмкіндігі шектеулі кәсіпкер Жалағаш ауданының тұрғыны Айдарқұлова Еркегүл өзінің шағын бизнесін туған кентінде асхана ашумен бастаған. Еркегүлдің сөзінше, мектепті бітірмес бұрын анасы қайтыс болып, өзінен кейінгі іні-сіңлілерін тәрбиелеумен айналысуға тура келген. Үй іші мен бауырларына қараймын деп жүріп, жоғары білім алуға мүмкіндік болмады. Анасы өмірден өткеннен кейін 3 жыл өткен соң Еркегүл жылқыдан құлап, қолын сындырып алды. Сол уақыттан бері 3-ші топ мүгедегі атанды. ¬Алайда өмір қиындығына мойымастан, аяққа тұрып, бауырларын өсіріп, өз орындарына орналастырды және Еркегүлдің өзі де отбасын құрды, бүгінде 3 баланың анасы. Гранттық қаражатқа кәсіпкер бизнесіне қажетті болған тоңазытқыш, мұздатқыш, газ плитасы және қысқатолқынды пеш, нан пісіретін пеш пен ыдыс-аяқ сатып алды.
Сонымен қатар, аталған іс-шарамен қатар «Даму-Көмек» бағдарламасы аясында бастауыш кәсіпкерлерге демеушілік көмек көрсетілді. 1-ші топ мүгедегі Ардақ Айткеновке ноутбук табысталды, Байназарова Айткүл мен Сапарымбетова Ақмарал 1-ші топ мүгедектері, Оразбаева Лаззат – 2-ші топ мүгедегі жаңа заманғы тігін машиналарына ие болды. Барлығы «Даму-Көмек» бағдарламасы бойынша 2014 жылы 26 мүгедек кәсіпкерлерге көмек көрсетілді.
Жоба тарихынан:
«Құс жолы» корпоративті қайырымдылық қорының «Жұлдыздарға қара» конкурсы 2005 жылдан бері жұмыс жасап келеді. 8жылдық жұмыс барысында өз жұмысы дамытуға 860 мүмкіндігі шектеулі азаматтар өтініш берген. Конкурстық жүйеде «Құс Жолы» қорының беретін грантына 287 азамат ие болды. Сонымен қатар, ең белсенді – 29 азамат – қосымша ынталандыру грантына өз жобасын сәтті жүзеге асырып, ұтқан грантты мақсатты жұмсағандығы үшін ие болды.
Одан әрі идеяны мүгедек кәсіпкерлерді кәсіпкерлік әлеуетін арттыруға, әлеуметтік бейімділікке және қаржылық тәуелсіздікке жетуді қолдайтын жоба ретінде қалыптастырылды. Огымен қатар Казкоммерцбанк «Даму-Көмек» бағдарламасы бойынша мүгедектерді қаржылай емес қолдауға қатыса отырып, 2011 жылы «Даму» Қорымен бірлесіп еліміздің 14 облысында 33 мүгедек-кәсіпкерлерге тігін машиналарын сыйға тарту іс-шарасына қатысты. 2012 жылы «Құс Жолы» Қоры, Казкоммерцбанк және «Даму» Қоры мүмкіндігі шектеулі бастауыш кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған «Жұлдыздаға қара» - «Посмотри на звезды» бірлескен жобасын құрды.
Ақпарат үшін:
«Жұлдыздаға қара» жобасын әкімшілік және техникалық қолдауымен қатар «Даму» Қоры 2009 жылдан бастап, мүгедек жандарға қардылай емес қолдауға жұмыс жасайтын «Даму-Көмек» ұллтық бағдарламасын жүзеге асырып келеді. Аталған бағдарлама аясында «Даму» Қоры қаржылай көмектесудің орнына мүгедек жандарды әлеуетті демеушілер мен несие берушінің арасындағы байланыстыратын буын болып табылады. www.damu-komek.kz сайтында мүгедек азаматтардан бизнесін жүргізуге қажетті тауар мен қызмет түрлеріне өтініштер қабылдайды. Онымен қатар сайт арқылы демеушілер іздестіріліп, мүгедек жандарға көмек беруге мүмкіндік қарастырады. 2014 жылдың 10 шілдесіне бағдарламаның www.damu-komek.kz сайтында 1463 өтініш тіркеліп, тікелей демеушілік көмек 1074 өтініш берушіге көрсетілді, оның ішінде 650 әйел-кәсіпкерлер бар. Одан бөлек, Қордың барлық аймақтық филиалдарында, мүгедек кәсіпкерлерге тегін түрде заң бойынша және бизнесті жүргізу саласындағы мәселелер бойынша кеңес алуға жағдай жасалған.
«Құс жолы» корпоративті қайырымдылық қоры 2004 ж. Казкоммерцбанктің топ-менеджерлерімен негізі қаланып, мақсаты корпоративті әлеуметтік жауапкершілікке жұмыс жасайды. Қор бюджеті таза пайдадан, қызметкерлердің, серіктестердің және банк клиенттерінің ерікті қайырымдылығы,есебінен түзіледі. Қор өзінің қайырымдылық негізі мен жүзеге асыру принциптерінен тұрады. Бағдарлама Республикасының барлық аймақтарында Казкоммерцбанктің филиалдары арқылы жүргізіледі.