ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ЖӘНЕ ОНЫҢ АЛДЫН АЛУ

Мемлекет басшысының бұл мәселеге қатысты бірнеше Жарлықтары қабылданды. Бұдан да бөлек Елбасы Н.Назарбаев жыл сайынғы халыққа Жолдауында бұл мәселеге ерекше тоқталатынын да атап айтсақ болады.
Жалпы, сыбайлас жемқорлық өте қауіпті жағымсыз әлеуметтік көріністердің бірі болып табылады. Ол экономикалық заңдардың еркін әрекетін біршама деңгейде шектейді және еліміздің әлемдік қоғамдастық алдындағы беделін төмендетеді, еліміз үшін пайдалы шетелдік инвестициялардың жолындағы басты кедергілердің бірі болып табылады.
Жемқорлық – жай ғана құқық бұзушылық емес, ол мемлекетке деген сенімді сетінетіп, ұлттық қауіпсіздігімізге қатер төндіретін кесел. Осыған байланысты мемлекеттік қызметтегі кез-келген азамат адамгершілік арына дақ түсірмей антына адалдық танытуы тиіс.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес – мемлекетіміздің дамуына қосылған үлес. Ал біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ.
Сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын, нигилизмді жоятын, құқықтық түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор деп есептейміз.
А. ИСКАКОВА,
Қызылорда облысы ветеринария
басқармасының әкімшілік және
қаржылық бөлімінің бас маманы