АУРУШАҢДЫҚ КӨРСЕТКІШІ ТӨМЕНДЕГЕН
Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда облыс көлемінде жұқпалы аурулар бойынша аурушаңдық көрсеткіші төмендеген. Лямблиоз – 3,7 есеге, жұқпалы жіті ішек аурулар тобы - 43 пайызға, тамақтан улану – 21,4 пайызға азайса, вирусты гепатиттер – 6, өкпе туберкулезі, бактериалдық дизентерия, жіті вирусты гепатит С-түрі – 5, сарып, анықталмаған вирусты және бактериалды ішек аурулары 4 жағдайға азайған.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Ұлбосын Аханаева мәлімдеді.
Облыста 2018 жылдың 6 айында бірқатар жұқпалы аурулар аурушандығы бойынша эпидемиологиялық ахуал тұрақты.
Облыс тұрғындары арасында туляремия, күйдіргі, сал, тырысқақ, іш сүзегі, қылау, оба, қызамық, көкжөтел, сіріспе, жіті вирусты гепатит Д, Е, малярия, лептоспироз, листериоз, вирусты кене энцефалиті, иерсиниоз, безгек, қүл, құтыру, қызылша, гименолепидоз, трихинеллез, висцеральды лейшманиоз, тері лейшманиозы, ҚКГҚ, иерсиниоз аурулары тіркелмеген.
Аймақта кене шағу жағдайымен жыл басынан бері 708 адам медициналық көмекке жүгінген. Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 28 пайызға төмендеген. Облыста Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына
күдікті 6 науқас анықталды, оның 5-еуі Қызылорда қаласынан, 1-еуі Қазалы ауданынан. Дегенмен, олардың диагноздары зертханалық жолмен нақтыланған жоқ.