АУЫЛДЫҚ ОКРУГ ӘКІМДЕРІН ОҚЫТУ
Қызылорда облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы подполковник С.Молдақараев облыстық мәслихаттың мәжіліс залында ауыл округтерінің әкімдеріне "Төтенше жағдайлар орын алған кездегі ауыл әкімдерінің іс-әрекеті" тақырыбында сабақ өтті.
Дәріске 165 ауылдық округтің әкімдері қатыстырылды. Сабақ барысында табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдай кезіндегі оны жою және алдын алу, жедел медициналық және психологиялық көмек көрсету, азаматтық қорғаныс, өрт қауіпсіздігі туралы, төтенше жағдай орын алған кездегі халықты эвакуациялау, төтенше жағдайларды жоюдағы кезек күттірмес шаралар туралы кеңінен түсіндірді.
Сонымен бірге көкейдегі сұрақтарға жауап берілді, дәріс слайдтық көріністің сүйемелдеуімен өткізілді. Көрсетілген слайдта азаматтық қорғаныстың нормативтік-құқықтық актілері де көрсетілді.
Қызылорда облысы ТЖД
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы