ОӨАЖҚЖ ҚҰТҚАРУШЫЛАРЫ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ІІД-ДЕ САБАҚ ӨТКІЗДІ
Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінде Қызылорда облысы су айдындарында шомылу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында ҚР ІІМ ТЖК «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағының» құтқарушылары Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар басқармасы және «Апаттар медицина орталығының» қызметкерлерімен бірлесіп, сабақтар мен жаттығулар өткізді.
Аталмыш сабақтарда сүңгуір-құтқару бөлімінің бас құтқарушылары Жексембиев Жасұлан және Абдикалыков Ролан су айдындарында қауіпсіздік шараларын сақтау, суға кеткен азаматтарға алғашқы көмек көрсету шаралары жөнінде полиция қызметкерлеріне кеңінен баяндап, сонымен қатар суға кеткен зардап шегушілерді құтқару тәсілдерін көрсетті. Медициналық-психологиялық бөлімінің медбике–құтқарушысы Жанат Сатыбалдиева суға шомылу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін және зардап шегушіге алғашқы дәрігерлікке дейінгі көмек көрсету тәсілдерін түсіндіріп, соңында практикалық жүзінде суда зардап шегушіні құтқару бойынша жаттығу сабағын өткізді.
Полиция қызметкерлері мұндай маңызды сабақтар өткізіп көрсеткен көмегі үшін құтқарушыларға алғыс білдірді.
ҚР ІІМ ТЖК Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы