БІТІМГЕРШІЛІКПЕН БІТКЕН ІС САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ
Қызылорда қалалық сотында сот медиациясы пилоттық жобаның негізінде бітімгершілікпен аяқталған азаматтық істер саны күн санап артып келеді. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлады.
Мұны пилоттық жобаның қарқынды жұмысының нәтижесі деуге болады. Мәселен Қызылорда қалалық сотында бір апта ішінде 17 азаматтық іс сот медиациясымен аяқталды. Тараптар судья медиатордың қатысуымен бітімгершілікке келіп, сот медиациясы тәртібімен дауды реттеу туралы келісімге қол қойды.