«ҚАЗПОШТА» АҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН БІРІККЕН ЖҰМЫС
Қысқы мерзімде судағы төқтенше жағдайдың алдын алу мақсатында Қызылорда облымсы ТЖД «Суда құтқару қызметі» ММ «Қазпошта» АҚ облыстық филиалы қызметкерлерімен бірлесіп, үгіт-насихаттық жұмыс жасауда. Қазіргі уақытта қалада филиалдың 20 бөлімшесі арқылы 7000-7500 жазылушыларға үгіт парақтары таратылуда. Іс-шараның мақсаты – оқырмандарға газет-журнал жеткізу барысында судағы қауіпсіздікті сақтау, мұзда қалған адамға алғашқы көмек көрсету жөнінде үгіт парақтары қоса беріліп отырылуда. Құтқарушылардың пікірінше, әрбір адам қауіпті кезеңде алғашқы медициналық көмек көрсетуді, құтқару ережелерін білуі керек. Осындай жұмыс қыстың соңына дейін жүргізілетін болады.
Қызылорда облысы ТЖД
«Суда құтқару қызметі» ММ
Қызылорда облысы ТЖД
«Суда құтқару қызметі» ММ