АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТТЫҚ ТОП МҰНАЙШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы хатшылығының ұйымдастыруымен Қызылорда облысында жүргізіліп жатқан «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мега-жобасы аясында Тәуелсіздік күніне орай ақпараттық-насихаттық топ мүшелері «ҚазГермұнай» біріккен кәсіпорнының «Нұралы» мұнай-газ өндіру кешенінде болып, жұмысшылармен кездесу өткізді.
Топ құрамында облыс әкімі аппаратының Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы хатшылығының басшысы Ләйлә Төрешова, өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Ашур Хамидов, татар этномәдени бірлестігінің төрайымы Галия Гизатуллина, «Славяне» қоғамдық - мәдени бірлестігінің төрайымы Галина Щербаковалар болды.
Кездесуге «ҚазГермұнай» біріккен кәсіпорны бас директорының орынбасары Айтбай Көшербаев пен кәсіпорынның «Нұралы» кешенінің жұмысшылары қатысты.
Топ мүшелері кәсіпорын жұмысшыларына Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың этносаралық және қоғамдық келісімді қалыптастыруда жүргізіп отырған сарабдал саясатын, Елбасы Жолдауын,достық пен өзара түсіністіктінасихаттады.
Этномәдени бірлестіктердің көркемөнерпаздары мен «Нұргүл» ән-би ансамблі мерекелік концерт берді.