«БОЛАШАҚ» ЖАСТАРЫ ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ
Өткен аптада «Болашақ» университеті Студенттік Парламентінің ұйымдастыруымен «Біз жемқорлыққа қарсымыз!» атты конференция өтті.
Конференция барысында тәрбие жұмысы және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор М.Нәсімов, «Жас Отан» ЖҚ Қызылорда облыстық филиалының атқарушы хатшысы Е.Меңлібаев, «Құқықтану және кеден ісі» кафедрасы меңгерушісінің міндетін атқарушы, заң ғылымдарының кандидаты, доцент Г.Арғынбекова қатысып, өз пікірлерімен бөлісті.
Шара аясында еріктілердің атынан ОПД-12 оқу тобының студенті Әбдірахым Мұхаммедали және КЯ-14 оқу тобының студенті Ержігіт Бекжан жастар атынан жемқорлыққа қарсы болуға үндейтін арнау оқыды. Конференция нәтижесінде студенттерден құралған, сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілер тобы құрылды.
«Болашақ» университетінің баспасөз қызметі